Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 8168 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 01-30-547 ұсынуы бойынша, Тайбай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасан жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс- шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Елтай ауылы аумағында карантин тоқтатылсын.

      2. Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 29 қазандағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8105 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайбай ауылдық
округінің әкімі
Т.Карибжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады