Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7271 тіркелген, 2019 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С- 40/4 "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 14 тамыздағы № С-41/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7334 тіркелген, 2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының сессия төрағасы | М.Даулетханов |
Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы | С.Шауенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі |