Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 30.12.2020 № С-62/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7271 тіркелген, 2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
4) 1 қазан – Қарт адамдар күні;
5) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.";
10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еткен жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;";
10-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;";
10-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) ең төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге – Қарт адамдар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;";
10-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) 1, 2, 3 топ мүгедектері және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға – Мүгедектер күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;";
10-тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"11) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар арасынан, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай, облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;";
13-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.";
15-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.";
16-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Қала, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.";
19-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.";
21-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Қ.Тастанбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Шәуенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі |