Біржан сал ауданы мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № С-62/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8282 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7271 тіркелген, 2019 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С- 40/4 "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 14 тамыздағы № С-41/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7334 тіркелген, 2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы мәслихатының сессия төрағасы М.Даулетханов
      Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы С.Шауенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады