Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің 28.10.2020 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 01 қазандағы № 01-26/345 ұсынуы бойынша, Свободный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Есіл ауданы Свободный ауылдық округінің Свободный ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Свободный ауылдық округінің әкімі | А.Шайхистанов |