Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қазанда № 8054 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің 28.10.2020 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 01 қазандағы № 01-26/345 ұсынуы бойынша, Свободный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Есіл ауданы Свободный ауылдық округінің Свободный ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Свободный ауылдық округінің әкімі А.Шайхистанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады