"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Свободный ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Свободный ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 2 қазандағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8054 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Свободный ауылдық округінің әкімі | А.Шайхистанов |