Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 12.03.2021 № А-3/83 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округінің және Алексеевка кентінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 1,5252 гектар "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Әленовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 25 қазанынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Зеренді ауданының әкімі | Б.Ғайса |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "7" сәуірдегі № А-4/171 қаулысына қосымша |
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар | Жер санаты | Оның ішінде: |
егістік (гектар) | ||||
1 | Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 0,6948 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | 0,6948 |
2 | Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 0,0480 | Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес мақсатындағы жерлер | |
3 | Алексеевка кентінің әкімшілік шекараларында | 0,7824 | Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес мақсатындағы жерлер | |
Барлығы | 1,5252 | 0,6948 |