Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № А-4/171 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 7793 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № А-3/83 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 12.03.2021 № А-3/83 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округінің және Алексеевка кентінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 1,5252 гектар "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Әленовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 25 қазанынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Зеренді ауданының әкімі Б.Ғайса

  Зеренді ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "7" сәуірдегі
№ А-4/171 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар

Жер санаты

Оның ішінде:

егістік (гектар)

1

Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

0,6948

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

0,6948

2

Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

0,0480

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес мақсатындағы жерлер


3

Алексеевка кентінің әкімшілік шекараларында

0,7824

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес мақсатындағы жерлер


Барлығы

1,5252


0,6948


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады