Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданының Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентерін бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 17/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3821 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 қазанда "Сандыктауские вести" аудандық газетінде жарияланған);
2) Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентерін бекіту туралы" 2015 жылғы 6 ақпандағы № 30/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е.Бектуров |
Аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау ауданының әкімі | А.Үисімбаев |