Сандықтау ауданының Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 17/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 қазанда № 3821 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 47/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 25.09.2020 № 47/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9, 11-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сандықтау ауданының Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
В.Миронов
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
С.Клюшников

      КЕЛІСІЛДІ

      Сандықтау ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Қ.Омаров


  Сандықтау аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 17/5 шешімімен
бекітілген

Сандықтау ауданы Балкашино ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтар №

Жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтар атауы

І-ж

1,6

Аймақ Балкашино селосының орталығында орналасқан. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолымен шектелген. Солтүстік жағы Абай көшесіне шығатын Роза Люксембург тар көшесімен шектеледі және Луговой тар көшесімен аяқталады. Шығыс жағы Жабай өзенінің жағалауымен шектеледі. Оңтүстік жағы Куйбышев көшесіне шығатын Школьный тар көшесінен басталады Чернова көшесіне дейін және Атбасар-Көкшетау автожолында орналасқан "Бойняжев Г.И." фермасына дейін шығады.

І а-ж

1,5

Аймақ Балкашино селосының орталық бөлігінің жанында орналасқан. Солтүстік жағы Куйбышев көшесіне шығатын Чернова көшесіне дейінгі Школьный тар көшесімен шектеледі. Шығыс жағы Жабай өзенінің жағалауымен шектеледі. Оңтүстік жағы Толстой тар көшесінен Западная көшесіне дейін. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолымен шектеледі.

ІІ-ж

1,3

Аймақ селоның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағы Толстой тар көшесімен шектеледі. Шығыс жағы Абылай хан көшесіне шығатын тұрғын үй массиві аяқталғанға дейінгі Жабай өзенінің жағалауына тіреледі. Шекараның оңтүстік жағы Автобазанының жанынан ОАА (Орталық аудандық аурухана) дейін өтеді және Атбасар-Көкшетау автожолына барып тіреледі.

ІІІ-п

1,2

Аймақ селоның шетіндегі оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағы өзіне автобазаны қосады. Шығыс жағы "Жібек жолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан өтеді және Абылай хан көшесі бойынша орналасқан АЭС (аудандық электростанция) оңтүстік жағында аяқталады. Батыс жағы АЭС (аудандық электростанция) қосады және орман алқабының жанынан өтеді.

ІІІ-ж

1,1

Аймақ селоның шығыс бөлігінде Жабай өзенінің ар жағында орналасқан. Тұрғын үй массивін, стадионды, майзауытын, қонақ үйді және жеке кәсіпкер "Чернышев" аумағын қосады.

І-п

1,2

Аймақ селоның батыс бөлігінде орналасқан. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолына тіреледі және автодромды, метеостанцияны қосады. Шығыс бөлігі тұрғын үйлерді қоса жеке кәсіпкер "Вахаев", "Балкашинский" асыл тұқым зауыты жанынан тұрғын жайларды қоса өтеді, одан әрі Атбасар-Көкшетау автожолына тіреледі. Оңтүстік жағы шаңғы базасын, шұжық жасау цехын және "Бойняжев Г.И." фермасына қоса алады.

І б-ж

1,4

Аймақ селоның солтүстігінде орналасқан. Солтүстік жағы тұрғын жайлар салынған және жеке кәсіпкер "Әбжанов" дейінгі Абай көшесімен шектеледі. Шығыс жағы тұрғын үй массивінің жанынан өтеді және Жабай өзенінің жағалауына тіреледі. Оңтүстік жағы Луговой тар көшесінің жанынан өтеді және Жамбыл, Абай көшелерін, Абылай хан көшесіне дейін қиып өтеді. Батыс жағы Абылай хан көшесінің жанынан өтеді.

ІІ-п

1,1

Аймақ селоның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ет комбинатын, нанзауытын, электроподстанцияны, сорғышты қосады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады