Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № а-9/366 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5566 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қазанда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | А.Муздыбаев |