"Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № а-9/366 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № а-4/152 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 7808 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № а-9/366 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5566 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қазанда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес".

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі А.Муздыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады