Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 21 "Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5095 тіркелген, 2016 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
С. Еңсегенұлы |