Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 21 "Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 8 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 тамызда № 7325 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 21 "Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5095 тіркелген, 2016 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға
      С. Еңсегенұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады