Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 271 "Жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7311 тіркелген, 2020 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазаны № 373 қаулысына қосымша |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Жоғары білім берудің даярлау бағытының коды және атауы | 2020-2021 оку жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | Оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) / 1 студентті оқытуға жұмсалатын 1 (бір) кредиттің шығысы (теңге) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында | Басқа жоғары білім беру ұйымдарында | ||||
1 | 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 0 | 0 /0 | |
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 31 |
901,0 | |||
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | 10 |
901,0 | |||
2 | 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В021 Өнер | 2 | 888 | |
6B022 Гуманитарлық ғылымдар | 5 |
922,5 | |||
3 | 6В03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат | 6В032 Журналистика және ақпарат | 2 |
714,9 | |
4 | 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 6B073 Сәулет және құрылыс | 2 |
920,5 | |
5 | 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 6B081 Агрономия | 3 |
826,9 | |
6B083 Орман шаруашылығы | 1 |
742,7 | |||
6B084 Балық шаруашылығы | 0 | 0/0 | |||
6В086 Су ресурстары және суды пайдалану | 1 |
826,9 | |||
6В087 Агроинженерия | 0 | 0/0 | |||
6 | 6В09 Ветеринария | 6В091 Ветеринария | 3 |
742,7 | |
7 | 7R09 Денсаулық сақтау (медицина) | 18 | 815,5 | ||
Барлығы | 78 |