Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 271 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 7311 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  2020 жылғы 16 шілдесі № 271 Ақтөбеоблысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.10.2020 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Жоғары білім берудің даярлау бағытының коды және атауы

2020-2021 оку жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

Оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) / 1 студентті оқытуға жұмсалатын 1 (бір) кредиттің шығысы (теңге)

1

2

3

4

5





Ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында

Басқа жоғары білім беру ұйымдарында

1

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

0


0 /0

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

31


901,0
/15 017

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

10


901,0
/15 017

2

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 Өнер

2

888


6B022 Гуманитарлық ғылымдар

5


922,5
/15 375

3

6В03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

6В032 Журналистика және ақпарат

2


714,9
/11 915

4

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B073 Сәулет және құрылыс

2


920,5
/15 342

5

6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B081 Агрономия

3

826,9
/13 782


6B083 Орман шаруашылығы

1


742,7
/12 378

6B084 Балық шаруашылығы

0


0/0

6В086 Су ресурстары және суды пайдалану

1

826,9
/13 782


6В087 Агроинженерия

0


0/0

6

6В09 Ветеринария

6В091 Ветеринария

3


742,7
/12 378

7

7R09 Денсаулық сақтау (медицина)


18


815,5


Барлығы


78




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады