Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 "Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5836 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының қосымшасында:
орыс тіліндегі 1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Виды поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка:
1) объявление благодарности;
2) награждение грамотой;
3) выдача денежной премии.", қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
қазақ тіліндегі 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Ақтөбе облысының полиция Департаментінің Ақтөбе қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция басқармасы) енгізеді.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және ол, әдетте, 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.".
2. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |