Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 5836 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Ақтөбе қаласының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Н. Күнтуовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі І. Испанов

  Қала әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 қаулысына қосымша

Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 30.07.2019 № 3489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 06.10.2020 № 3676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ақтөбе қаласы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұданәрi – Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Ақтөбе облысының полиция Департаментінің Ақтөбе қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция басқармасы) енгізеді.

      Ескерту. 3 тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 06.10.2020 № 3676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

Ақшалай сыйақының мөлшерi

      6. Ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және ол, әдетте, 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 06.10.2020 № 3676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Ақшалай сыйақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен Полиция басқармасымен жүргiзіледi.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

      9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Ақтөбе облысының полиция Департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады