Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 23.09.2020 № 424 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
келесі мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.".
2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Нургалиев |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Жумабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б.Елеусінова |
______ ____________ 2020 ж.