Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 352 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 7023 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 424 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 23.09.2020 № 424 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      келесі мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.".

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
А. Нургалиев
      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Жумабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Елеусінова

      ______ ____________ 2020 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады