Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 26.01.2021 № 10 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Байғанин аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Жеткизгеновке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Байғанин ауданының әкімі | К. Утаров |
2020 жылғы 24 сәуірі № 71 Байғанин аудандық әкімдігінің қаулысына қосымша | |
Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 қаулысымен бекітілген |
Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
р/н № | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атаулары | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері (теңге) |
1 | Қарауылкелді ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарауылкелді" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 75 | 41760 | 300 |
2 | Қарауылкелді ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Рауан" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 75 | 41760 | 300 |
3 | Қарауылкелді ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шаттық" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 41760 | 300 |
4 | Қарауылкелді ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шұғыла" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 100 | 41760 | 300 |
5 | Жарлы ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы "Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жарлы" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 41760 | 300 |
6 | Жарқамыс ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы "Жарқамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жарқамыс" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 60 | 41760 | 300 |
7 | Қарауылкелді ауылы | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Әсем и Нұр" | 125 | 34560 | 300 |
8 | Жарлы ауылы | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Талап Проект" | 75 | 34560 | 300 |
9 | Жарқамыс ауылы | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Инабат С" | 50 | 34560 | 300 |
10 | Миялы ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Миялы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 30 | 41760 | 300 |
11 | Ноғайты ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ноғайты" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 41760 | 300 |
12 | Алтай батыр ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Алтай батыр" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 41760 | 300 |
13 | Кемерши ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы "Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 41760 | 300 |
14 | Оймауыт ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы "Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Оймауыт" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 41760 | 300 |
15 | Ебейті ауылы | "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы "Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ебейті" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 41760 | 300 |