Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | К. Утаров |
Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 10 қаулысына қосымша |
Байғанин аудандық әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған);
2. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 213 "Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5725 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
3. Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 43 "Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5986 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
4. Байғанин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 71 "Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7078 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).