Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулуар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 489/480 "Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6576 тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімі негізінде, Қарғалы ауданының Қос Естек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы ауданының Қос Естек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 1 "Қос Естек ауылдық округінің көшелерін атау және қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-145 тіркелген, 2012 жылғы 5 шілдесінде аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тілінде көрсетілген шешімнің деректемелерінде:
"Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің" сөздері "Қарғалы ауданының Қос Естек ауылдық округі әкімінің" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
бірінші абзац келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"2. Қос Естек ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қос Естек ауылдық округінің әкімі | Г. Досмагамбетова |