Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын елді мекендердің құрамына қосылсын.
1) Әйтеке би ауданы бойынша:
Жабасақ ауылдық округінің Қарасу ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Жабасақ ауылдық округінің Жабасақ ауылының құрамына қосылсын;
2) Қарғалы ауданы бойынша:
Кемпірсай ауылдық округінің Қарабұтақ және Қос Естек ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын орналасқан Кемпірсай ауылдық округінің Кемпірсай және Қос Естек ауылдық округінің Қос Естек ауылдарының құрамына қосылсын;
3) Хромтау ауданы бойынша:
Абай ауылдық округінің Жарбұтақ және Аралтөбе, Аққұдық ауылдық округінің Қатынадыр, Көктау ауылдық округінің Қарабаз, Бөгетсай ауылдық округінің Талдыбұлақ және Шіліктісай, Табантал ауылдық округінің Бақай ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын орналасқан Абай ауылдық округінің Абай, Аққұдық ауылдық округінің Аққұдық, Көктау ауылдық округінің Көктау, Бөгетсай ауылдық округінің Бөгетсай, Табантал ауылдық округінің Табантал ауылдарының құрамына қосылсын.
2. "Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.
3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Ж. Мухамбетпаизова |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. Калдыгулова |