Қос Естек ауылдық округінің көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қос Естек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда № 3-6-145 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің қазақ тіліндегі деректемелеріне өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің 10.11.2020 № 38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4)тармақшасына сәйкес, және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қос Естек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қос Естек ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      "Киров" көшесін "Абай" атындағы көшесіне;

      "Потемкин" көшесін "С.Вавилов" атындағы көшесіне;

      "Октябрьская" көшесін "Д.Қонаев" атындағы көшесіне;

      "Нагорная" көшесін "Шали Балниязов" атындағы көшесіне;

      "Советская көшесін "Ә. Молдағұлова" атындағы көшесіне;

      "Ленина" көшесін "Д.Шампиев" атындағы көшесіне;

      "Новая" көшесін "Сабыр Рақымов" атындағы көшесіне;

      "Заводская" көшесін "Астана" көшесіне;

      "Набережная" көшесін "М.Маметова" атындағы көшесіне;

      "Чапаев" көшесін "Бірлік" көшесіне;

      "Чкалов" көшесін "М.Әуезов" атындағы көшесіне;

      "Фрунзе" көшесін "Қ.Сәтпаев" атындағы көшесіне;

      "М.Горького" көшесін "А.Жұбанов" атындағы көшесіне;

      "Мира" көшесін "Бейбітшілік" көшесіне;

      "Джамбула" көшесін "Жамбыл Жабаев" атындағы көшесіне;

      2. 2. Қос Естек ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:

      Әбілқайыр хан көшесі.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің 10.11.2020 № 38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қос Естек ауылдық округі әкімінің жетекші маманы А.Ахметоваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қос Естек ауылдық
округі әкімінің м.а.
А. Ахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады