Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 292 "Аудан, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Қобда ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6620 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қобда ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауданының әкімі | Б. Кулов |