Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 292 "Аудан, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Қобда ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 236 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 7358 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 292 "Аудан, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Қобда ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6620 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қобда ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда ауданының әкімі Б. Кулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады