Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Мұғалжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі | А. Шериязданов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 356 қаулысына қосымша |
Мұғалжар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:
Р = Гз/12/Sп;
мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);
Sп – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).
1) алпыс пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Жастық" мөлтек ауданы, 1 "Б" үй.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12+Р;
Ц=387 887 137,2 теңге/4370,7 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 88747,14 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т=100 жыл;
Р=0 теңге;
А=88747,14/100/12+0=73,95 теңге айына бір шаршы метрге;
2) алпыс пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Достық" мөлтек ауданы, 19 "Б" үй.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12+Р;
Ц=414 869 156,7 теңге/4370,9 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 94916,18 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т=100 жыл;
Р=0 теңге;
А=94916,18/100/12+0=79,09 теңге айына бір шаршы метрге.
3) сегіз пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Самал" мөлтек ауданы, 1 квартал, № 114, 115, 116 үй.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12+Р;
Ц = 173 449 288 теңге/2129,4 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 81454,5 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 100 жыл;
Р = 0 теңге;
А = 81454,5/100/12+0=67,87 теңге айына бір шаршы метрге.
4) сегіз пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Самал" мөлтек ауданы, 2 квартал, № 114, 115, 116 үй.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/12+Р;
Ц= 244 307 352 теңге/2120,7 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 115201,27 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т=100 жыл;
Р=0 теңге;
А=115201,27/100/12+0=96 теңге айына бір шаршы метрге.