Талдықорған қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 400 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 9 шілдеде № 5558 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 12.02.2024 № 16-94 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының
      сессия төрағасы С. Джансенгиров
      Талдықорған қалалық мәслихатының
      хатшысы Т. Ахажан

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы "25" маусымдағы шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Талдықорған қаласы

"Ардагерлер" саябағы, Балпық би және Құрманов көшелерінің қиылысы

200 адам

Жалпы аумағы – 13,16 га;
- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.

2

Талдықорған қаласы

"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" футбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң, Қабанбай батыр көшесі, 90/1

150 адам

Жалпы аумағы – 1317 ш. м.;
-жарықтандыру;
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.

3

Талдықорған қаласы

"Жеңіс" саябағы, Н.Назарбаев даңғылы бойындағы Қабанбай батыр ескерткішінің жанында

200 адам

Жалпы аумағы – 11 га;
-жарықтандыру;
-электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.

4

Талдықорған қаласы

Шеру мен демонстрация маршруты - Н.Назарбаев даңғылы бойындағы "Медициналық колледж" қоғамдық көлік аялдамасынан Рүстембеков көшесіне дейін, әрі қарай Рүстембеков көшесімен "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" футбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаңға дейін

250 адам

Маршруттың ұзындығы - 2 км 07 м.
-маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 12.02.2024 № 16-94 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 
  Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы "25" маусымдағы шешіміне 2-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар - Талдықорған қаласының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

      Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению пециализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Талдыкорган

Решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 25 июня 2020 года № 400. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 9 июля 2020 года № 5558.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон), Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить прилагаемые:

      1) Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Определить границами расстояния не менее 800 метров прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно пункта 5 статьи 9 Закона.

      Сноска. Пункт 2 с изменением внесенным решением Талдыкорганского городского маслихата области Жетісу от 12.02.2024 № 16-94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата "По вопросам социальной защиты, соблюдения законности, прав граждан и охраны окружающей среды".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Талдыкорганского
      городского маслихата С. Джансенгиров
      Секретарь Талдыкорганского
      городского маслихата Т. Ахажан

  Приложение 1 к решению Талдыкорганского городского маслихата от "25" июня 2020 года № 400

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению

Населенный пункт

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Нормы их предельной заполняемости

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению

1

город Талдыкорган

Парк "Ветеранов", на пересечении улиц Балпык би и Курманова

200 человек

Общая площадь – 13,16 га;
- освещение;
- обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

2

город Талдыкорган

Площадка перед коммунальным государственным казенным предприятием "Футбольный клуб "Жетысу" государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта области Жетісу", улица Кабанбай батыра, 90/1

150 человек

Общая площадь – 1317 кв. м.;
- освещение;
- обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

3

город Талдыкорган

Парк "Победы" возле памятника Кабанбай батыра по проспекту Н.Назарбаева

200 человек

Общая площадь – 11 га;
- освещение;
- обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

4

город Талдыкорган

Маршрут для шествий и демонстраций - от остановки общественного транспорта "Медицинский колледж" по проспекту Н.Назарбаева до улицы Рустембекова, далее по улице Рустембекова до площадки перед коммунальным государственным казенным предприятием "Футбольный клуб "Жетысу" государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта области Жетісу"

250 человек

Протяженность маршрута 2 км 07 м.
- вдоль маршрута имеется уличное освещение;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

      Сноска. Приложение 1 с изменением внесенным решением Талдыкорганского городского маслихата области Жетісу от 12.02.2024 № 16-94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

 
  Приложение 2 к решению Талдыкорганского городского маслихата от "25" июня 2020 года № 400

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний разработан согласно статьи 8 Закона и определяет порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний – места общего пользования или маршруты следования, определенные местным представительным органом города Талдыкорган для проведения мирных собраний.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний – проводятся публичные мероприятия, являющиеся по своему характеру мирными, ненасильственными и невооруженными, не создающими угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц, проводимое в форме собрания, митинга и демонстрации, шествия и пикетирования гражданами Республики Казахстан.

      Запрещается проведение собраний, митингов, демонстраций, шествий и пикетирования в нарушение пункта 5.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний в специализированных местах может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном законами Республики Казахстан "О чрезвычайном положении", "О военном положении" и "О противодействии терроризму".

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      При использовании специализированных мест для проведения мирных собраний организаторам и его участником необходимо соблюдать требования статьей 5 и 6 Закона.