"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы әкімдігінің "Текелі қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" 2016 жылғы 01 қарашадағы № 327 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4016 тіркелген, 2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. К. Молдахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Б. Унербаев |