Текелі қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 қарашадағы № 327 "Текелі қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 188 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 10 қыркүйекте № 5639 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласы әкімдігінің "Текелі қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" 2016 жылғы 01 қарашадағы № 327 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4016 тіркелген, 2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. К. Молдахметовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі Б. Унербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады