"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14- бабының 4- тармақшасына сәйкес, Қабанбай ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 08 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қабанбай ауылдық округінің Қабанбай ауылындағы "Иванченко" көшесі "Қобыланды батыр" көшесіне, "Дегтярев" көшесі "Рақымжан Қошқарбаев" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Кабдылдаев |