Қабанбай ауылдық округінің Қабанбай ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 23 сәуірде № 5492 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14- бабының 4- тармақшасына сәйкес, Қабанбай ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 08 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қабанбай ауылдық округінің Қабанбай ауылындағы "Иванченко" көшесі "Қобыланды батыр" көшесіне, "Дегтярев" көшесі "Рақымжан Қошқарбаев" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Кабдылдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады