Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 40-89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 тіркелген, 2019 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Г. Мухтарова |
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Б. Ахметов |