Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 61-170 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 13 сәуірде № 5460 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 40-89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 тіркелген, 2019 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Г. Мухтарова
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының
      хатшысы Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады