Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 40-89 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 8 қаңтарда № 4989 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 61-170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 01.04.2020 № 61-170 шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сессия төрағасы Қ. Байгоджаев
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысы Б. Ахметов

  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы "27" желтоқсандағы № 40-89 шешіміне қосымша

Еңбекшіқазақ ауданы аумағыңда қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың біріңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

4

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады