"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданы әкімдігінің "Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі № 6-1111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2421 тіркелген, 2013 жылдың 13 қыркүйегінде "Іле таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Ибраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекетті тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Карасаев |