Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал аудандық мәслихатының "Қаратал ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 46-175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 тіркелген, 2019 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының аппарат басшысы Досымбаева Алия Толендиноваға жүктелсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаратал аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Б. Кумаров |
Қаратал аудандық маслихатының | |
хатшысы | Б. Смаилов |