Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы "Қаратал ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 46-175 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 68-242 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 8 сәуірде № 5449 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал аудандық мәслихатының "Қаратал ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 46-175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 тіркелген, 2019 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының аппарат басшысы Досымбаева Алия Толендиноваға жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Кумаров
      Қаратал аудандық маслихатының
      хатшысы Б. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады