Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 16.09.2020 № 86-335 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандаринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" 2012 жылғы 25 маусымындағы № 7-44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-17-120 тіркелген, 2012 жылдың 21 шілдесінде "Сарқан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Ж. Игіман |
Сарқан аудандық мәслихатының | |
хатшысы | К. Абдрахманов |