"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шымкент қаласының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "4" ақпандағы № 54 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 13.06.2022 № 1413 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер.
1. Осы Шымкент қаласының агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі ― Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 2-тармағы 10-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 54-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен енгізу және тарату үшін іріктеуді ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
2) АӨК субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Шымкент қаласының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаны әкімшілендіру жөніндегі функциялары жүктелген "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бағдарлама әкімшісі);
4) комиссия– Бағдарламаның әкімшісі құратын, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, ғылымның, бизнестің және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын алқалы орган (бұдан әрі - Комиссия);
5) өтініш беруші - Бағдарлама әкімшісіне өтінімді берген, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға;
6) өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш.
2-тарау. Инновациялық жобаларды іріктеу шарттары
3. Инновациялық жобаларды іріктеу Шымкент қаласының АӨК келесідей салалық бағыттары бойынша жүргізіледі:
1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде, өсімдіктерді қорғау және қарантин);
2) мал шаруашылығы және ветеринария;
3) балық шаруашылығы;
4) ауыл шаруашылығын механизациялау;
5) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
6) мал азығын өндіру технологиясы.
4. АӨК субъектілерінің инновациялық жобасы, аграрлық бейіндегі ғылыми жетістіктерін (әзірлемелерін) және инновациялық агротехнологияларын тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты игеру мерзімі мен сомасы нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.
5. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімі төрт кезеңмен жүзеге асырылады:
1-кезең: Бағдарлама әкімшісі өтінімдерінің толықтығы мен оларды ресімдеу сапасын, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарауы;
2-кезең: Бағдарламаның әкімшісі бекітетін жұмыс тобының инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына өтінімдердің сәйкестігі негізінде олар бойынша қорытынды дайындауы;
3-кезең: Комиссияның өтінімдер мен кешенді қорытындыларды қарауы;
4-кезең: Бағдарлама әкімшісінің Комиссия қорытындысы негізінде инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауы.
3-тарау. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемдері
6. Шымкент қаласының АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеуді конкурстық негізде Бағдарлама әкімшісі жүргізеді.
7. Бағдарлама әкімшісі конкурс өткізу күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Бағдарлама әкімшісінің ресми сайтында конкурсты өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
8. Құжаттар беру және инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізу мерзімдерін жыл сайын Бағдарлама әкімшісі айқындайды.
9. Өтініш беруші Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтердің жоспарды;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтердің жоспарына түсіндірме жазбаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтердің сметасын;
5) инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын өтініш берушінің мамандарының түйіндемесін;
6) өтініш берушінің аграрлық бейінінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салаларды растайтын лицензияларының, патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, дипломдарының немесе басқа да құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқаларын;
7) заңды тұлғалар үшін (қосымша):
заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (жарғының және (немесе) құрылтай шартының) және ғылыми-зерттеу ұйымының аккредитациялау туралы куәлігінің көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқалары;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде анықтамасын;
салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасын (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
банктердің, оның ішінде шетелдік банктердің қол қойылған және мөрімен, өтініш берушінің ағымдағы жағдайы туралы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша ұзақ мерзімді берешегінің жоқтығы туралы анықтамаларының түпнұсқаларын;
8) жеке тұлғалар үшін (қосымша):
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, жеке кәсіпкердің құжаттарының көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқаларын;
салық төлеушінің салық берешегінің бары немесе жоқтығы туралы анықтамасын.
10. Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру алуға конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші ұсынатын материалдар парақтары тігіліп, нөмірленіп және іс болып қалыптастырылуы тиіс.
11. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есеп айырысулардың, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталған соң, Бағдарлама әкімшісі 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі бойынша іріктеу жүргізеді.
13. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес емес екендігі анықталған жағдайда, Бағдарлама әкімшісі бұл туралы құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлайды.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жояды, мерзім өтіп кеткен жағдайда, егер өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жоймаса, өтінім қабылданбайды.
Бағдарлама әкімшісі пысықталған өтінімдерді олар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
Өтінім қабылданбаған жағдайда, ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
14. Бағдарлама әкімшісі бекіткен жұмыс тобы инновациялық жобаларды іріктеудің бірінші кезеңінен өткен, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін өтінімдер бойынша олардың инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігінің негізінде қорытынды дайындайды.
4 - тарау. Өтінімдерді кешенді бағалау және іріктеу
15. Бағдарлама әкімшісі бекіткен жұмыс тобы әрбір өтінім бойынша қорытынды шығарғанда, мынадай талаптарды негізге алады:
1) өтінім беруші ұсынған материалдар осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
2) жобаның инновациялық бағыттылығы, техникалық тұрғыдағы іске асыру мүмкіндігі, Шымкент қаласы аумағындағы АӨК енгізуге және таратуға дайындығының деңгейі;
3) жобаның өзектілігі, Шымкент қаласының және Қазақстан Республикасы АӨК саласының дамуы басым бағыттарына сәйкестігі;
4) инновациялық жобаның қаражатын игерудің егжей-текжейлі болжамының және инновациялық жобаны Шымкент қаласының АӨК одан әрі тарату перспективаларының болуы;
5) инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтардың, инфрақұрылым мен ресурстардың болуы;
6) инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
7) инновациялық жобаның экономикалық тұрғыдан тиімділігі.
16. Бағдарламаның әкімшісі бекіткен Комиссия тұрақты негізде әрекет етеді. Комиссияның жалпы құрамы кемінде бес адамды құрайды.
17. Өтінімдер мен Бағдарламаның әкімшісі бекітетін жұмыс тобының оң қорытындысын Комиссияның қарауы осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
18. Материалдарды қараудың қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы ұсыным шығарады.
19. Комиссия ұсынымының негізінде Бағдарлама әкімшісі (қалалық бюджет Комиссиясының шешімінен кейін) инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім Бағдарлама әкімшісінің тиісті бұйрығымен рәсімделеді.
20. Бағдарлама әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағдарлама әкімшісі мен конкурс қорытындылары бойынша айқындалған өтініш беруші арасында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі шарт жасалады.
21. Инновациялық жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты оның нысаналы мақсатына және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына қатаң сәйкестікпен пайдалану инновациялық тәжірибені тарату мен ендіру туралы шарттың міндетті талабы болып табылады. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.
22. Инновациялық жобаны қаржыландыруға берілген бюджет қаражаты бекітілген шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға жұмсалған жағдайда толығымен жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.
23. Шымкент қаласы АӨК инновациялық тәжірибені тарату және енгізу нәтижелерін бағалау мыналарды қамтиды:
1) инновациялық тәжірибені тарату және енгізу нәтижелерінің сан мен сапа тұрғысындағы көрсеткіштері қала экономикасына, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға ықпалын бағалауды және нақты айқын нәтижелерді;
2) қолданыстағы технологиялармен салыстырғанда, инновациялық тәжірибені тарату және енгізу іс-шараларын жүзеге асырудан Шымкент қаласы АӨК субъектісі және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін экономикалық тиімділікті;
3) инновациялық жобаларды енгізу нәтижелерін Шымкент қаласы АӨК дамуына, аграрлық нарықтағы ахуалға байланысты экономикалық бағалауды;
4) АӨК нақты субъектісінің жағдайында іске асыру процестерін ғалымдардың жеке қолдауы арқылы ендіруден технологиялық тәуекелді азайту және жоба іс-шаралары жүзеге асырудан максималды табыс алуды.
5 - тарау. Қаржыландыру және қаржыны игеру
24. Қаражат іріктеуден өткен өтініш берушіге іс-шараларды іске асыру жоспарына сәйкес төленеді. Төлем тәртібі және нысаны шарттың талаптарымен қарастырылады.
25. Қаражат қатаң түрде шартта қарастырылған нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылады.
26. АӨК субъектілерінде аграрлық саладағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) және инновациялық агротехнологияларды тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты игеру және оның сомасы нақты инновациялық жобаның өзгешеліктеріне сәйкес айқындалады, алайда мыналардан артық емес мерзімі бойынша – ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту бойынша ғылыми әзірлемелерден бөлек барлық жобалар бойынша 12 (он екі) айға дейін, сомасы бойынша – 50 (елу) миллион теңге:
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жақсарту бойынша ғылыми әзірлемелердің өзіндік жұмыстары мен қажетті талаптарды сақталуын қамтамасыз етуге байланысты, оларды енгізу мен тарату мерзімі 36 (отыз алты) айды құрайды.
27. Қаражат инновациялық жобаға қатысушы тараптардың болған салықтық және өзге де берешектерін жабуға пайдаланылмайды.
28. Негізгі құрал-жабдықтарын, ауыл шаруашылығы жануарларын, генетикалық материалдарын, іс-шаралар нәтижелерін кеңінен таратуға басқада шығыс материалдарын (жанар-жағармай материалдары, тұқымдық материал, қосалқы бөлшектер және басқалар) сатып алумен, ғимараттар мен құрылыстарды ұстаумен байланысты шығындар іс-шараларды іске асыруға қатысушы АПК субъектілерінің жеке қаражаттары есебінен жабылады.
29. Іске асыру жоспары бойынша жүзеге асырылған шығындардың бюджетке сәйкестігін тексеру мақсатында, Бағдарлама әкімшісі қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарта отырып, ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
Барлық актілер, есептер мен қаржылық есептер іріктеуден өткен өтініш берушімен үш данада жасақталады, болған жағдайда инновациялық жобаның өзге де орындаушыларымен бұрыштама қойылады және Комиссиямен бекітеледі.
Іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қажет болған кезде, іріктеуден өткен өтініш беруші жергілікті атқарушы органның уәкілетті органдарының өкілдерінің іс-шаралар іске асырылып жатырған объектілерге кіруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, олардың ресми сұрауы бойынша іс-шараларды іске асыру процесіне тікелей қатысты барлық қажетті ақпараттарды ұсынуға міндетті.
6 - тарау. Қорытынды ережелер
30. Алынған бюджеттік қаражаттар мақсаттан тыс пайдаланылған және ұсынылған жобаның келесі екі жыл ішінде Шымкент қаласының АӨК таралуы анықталмаған жағдайда, осы қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.
Шымкент қаласы агроөнеркәсіптік кешен cаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Өтінім нысаны
1. | Тіркеу нөмірі және күні (Бағдарлама әкімшісі қызметкерімен толтырылады) |
2. | Іс-шараның атауы |
3. | Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу саласы (кіші саласы) |
4. | Іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаты мен мәнін көрсету, жоба нәтижелерінің нақтылы қолданылуы, осындай жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі) |
5. | Жобаның ұзақтығы (айларда) |
6. | Жобаның басталу және аяқталу күні |
7. | Сұралатын қаражаттың сомасы (теңгемен) |
8. | Өтініш берушінің атауы, мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекен-жайы |
9. | Өтініш берушiнiң байланыс тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, телефоны, электрондық поштасы |
10. | Инновациялық жобаның басшысы (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері), (лауазымы, телефоны, факсы, электрондық поштасы көрсетіледі) |
11. | Инновациялық жобаларды іске асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің атауы, мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы |
Шымкент қаласы агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтердің жоспары (аталуын көрсету)
№ | Жұмыс түрі | Күтілетін нәтижелер (жылдар бойынша) | |||
1- тоқсан | 2- тоқсан | 3- тоқсан | 4- тоқсан | ||
1. | |||||
2. |
Шымкент қаласы агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтердің жоспарына түсіндірме жазба
1. Инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шараның атауы.
2. Іс-шараның іске асырылатын жері: елді мекен.
3. Іс-шараның мақсаты және міндеттері (1 беттен аспауы тиіс).
4. Негізгі өтініш берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және іс - шараларға қатысушы АӨК субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (0,5 беттен аспауы тиіс):
1) толық атауы;
2) негізгі өтініш берушінің және іс-шараларға қатысушы АӨК субъектілерінің қызметтерінің сипаттамасы;
3) негізгі мамандар, олармен орындалатын жұмыстарының түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттарын қоса);
4) осы іс-шара шеңберінде басқада жобаларды іске асырғаны туралы ақпарат.
5. Іс-шаралардың негіздемесі: іс-шараны іске асырудың өзектілігі мен қажеттілігі, оның өңірдің АӨК технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнімділігіне әсерінің сипаттамасы (0,5 беттен аспауы тиіс).
6. Іс-шараларды іске асыру шеңберінде орындалатын негізгі жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар атқарылады, өндірісте пайдалану үшін, жобаны орындау барысында апробациялау және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, қала экономикасы үшін практикалық мәнін бағалау. Әрбір жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтілетін нәтижелерін, ресурстарға қажеттілікті, оның ішінде іс - шараларды іске асыруға қатысатын АӨК субъектісінің базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымының әдіснамасын келтіру қажет (2,5 беттен аспауы тиіс).
7. Нәтижелілігі: іс-шараның сандық және сапалық көрсеткіштері. Өтініш берушінің ұсыныстарында еңбек өнімділігін жақсартуға ықпал етудің нақты нәтижелері, өндіріс пен қала экономикасының тиімділігі көрсетілуі тиіс.
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын iске асырудың экономикалық тиімділігін бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, қаланың АӨК дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан iс-шараның мақсаттылығын негiздеу қажет (1,5 беттен аспауы тиіс).
8. Экологиялық бағалау іс-шараны іске асырудың өңірдің қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына әсерін (қанағаттандырарлық, бейтарап немесе жағымсыз) қамтуы тиіс. Жағымсыз әсер еткен жағдайда мұндай әсерді жеңілдету үшін не жасалатындығы көрсетілуі қажет (0,5 беттен аспауы тиіс).
9. Тәуекелдер: іс-шараны табысты аяқтаудың негізгі тәуекелдері және мұндай тәуекелдерді еңсеру жөніндегі шаралар (0,5 беттен аспауы тиіс).
10. Жобаның өмірге икемділігі: инновациялық жоба шеңберінде қаржыландыру аяқталғаннан кейін іс-шараларды іске асыруға қатысушы АӨК субъектілері өндірісінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен аспауы тиіс).
Шымкент қаласы агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтердің сметасы (атауын көрсету керек) мың теңге
№ | Шығыстардың баптары | Өлшем бірлігі | Бағасы | Құны | соның ішінде айлар бойынша | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |||||
1. | Еңбекақы | |||||||||||||||
1) | ||||||||||||||||
2) | ||||||||||||||||
2. | Іссапар шығыстары | |||||||||||||||
1) | ||||||||||||||||
2) | ||||||||||||||||
3. | Тікелей шығындар | |||||||||||||||
1) | ||||||||||||||||
2) | ||||||||||||||||
4. | Қосымша шығындар | |||||||||||||||
Барлығы: |
Ескертпе: ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығының жай-күйін жақсарту жөніндегі инновациялық тәжерибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтердің сметасында инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың әрбір жылына жеке көрсетіледі; "шығыстар бабы" бағанында бюджет қаражатынан және өтініш берушілердің өз қаражатынан (болған жағдайда) қаржыландырылатын шығыстар жеке көрсетіледі.
Шымкент қаласы агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Шымкент қаласы агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі үлгі шарт
№ ____ "_____"___________ 20__ж. _____________________________ атынан, бұдан
әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, ереженің негізінде әрекет ететін,
____________________(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) бір тараптан,
және бұдан әрі Орындаушы деп
аталатын,__________________________________(Орындаушы конкурс жеңімпазының толық
атауы) атынан, жарғының негiзiнде әрекет
ететін_______________________________________________(уәкілетті адамның лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты) екінші тараптан, Комиссия отырысының 20____ жылғы "__" _______
№____ хаттамасын негiзге ала отырып, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және
ветеринария басқармасының 20____ жылғы "__" _______ №____ шешiмiмен инновациялық
жобаны тарату және енгiзу бойынша осы Келiсiм-шартты (бұдан әрі- Шарт) жасасты және
мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Келісім-шарттың мәні
1.1. 026 "Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтер" атты
бюджеттік бағдарлама бойынша "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес АӨК
саласындағы инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша атқарылатын
жұмыстарды Тапсырыс берушi мiндеттейдi, ал Орындаушы өзiне қабылдайды.
Бағдарлама: ___________________________________
Бағыты: ___________________________________
Тақырыбы: ___________________________________
1.2.Орындаушы___________________________________инновациялық тәжірибені
тарату мен енгізу бойынша мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайларында қызмет
көрсетуге міндеттенеді:
1) _________________________________________________________
2) _________________________________________________________
3) _________________________________________________________
"______________________________________________" жеке және заңды тұлғамен
әзірленген және осы келісім Шарттың 1.4 тармағының ажырамас бөлігі болып
саналатын_____________________ инновациялық жобаға сәйкес.
1.3. 20___ жыл iшiнде Орындаушының қызметтер көрсету мерзiмі.
1.4. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты
құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) осы Шарттың 2-бөлімінде баяндалған инновациялық жобаның сипаттамасы
(техникалық ерекшелік);
3) Шарт бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісі (осы Шартқа 1-қосымша).
4) Шарт бойынша ұсынылған нысаналы бюджеттік қаражаттарының пайдалануы
туралы қаржылық есеп (осы Шартқа 2-қосымша);
5) аралық және қорытынды есеп (осы Шартқа 3-қосымша);
1.5. Көрсетілетін қызмет Тапсырыс берушi мен Орындаушының арасында қабылдау-
тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейiн көрсетілген болып есептеледi.
2. Біліктілік сиппаттары бойынша инновациялық жобаның сиппаттамасымен экономикалық көрсеткіштері
2.1. Жұмыстың бағыты.
2.2. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалық).
2.3. Шымкент қаласының АӨК қолданылатын саласы.
2.4. Енгiзу мен таратудың түпкілікті нәтижесі.
2.5. Енгiзу мен таратудың экономикалық тиімділігі.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Орындаушы міндетті:
1)__________________________________________________________ инновациялық
жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісінше сапалы қызметтер
көрсетуге;
2) осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетілген мерзімде қызметті толық көлемде
көрсетуге;
3) егер қызмет көрсету барысында Орындаушымен осы Шарттың талаптарының
бұзушылықтары, барлық анықтаған кемшiлiктері Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн
түзетуге;
4) көрсетілген мерзімде Тапсырыс берушіге осы Шарттың 3-қосымшасына сәйкес
қорытынды есепті ұсынуға.
3.2. Тапсырыс беруші құқылы:
1) орындаушымен атқарылатын жұмыстардың барысы мен сапасын оның қызметiне
араласпай тексеруге;
2) тапсырыс берушінің Шартты орындаудан бас тартуы туралы хабарламасын алғанға
дейін орындалған көрсетілетін қызметтердің бір бөлігінде бара-бар белгіленген бағаны төлеп,
орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылғанға дейін кез келген уақытта Шартты
орындаудан бас тартуға.
4. Шарттың жалпы сомасы және төлеу шарттары
4.1. Шарттың жалпы сомасы қызметтер көрсетумен байланысты барлық шығындардың
құнын қоса алғанда, барлық салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді ескере отырып,
_____________ теңгені құрайды. (жазбаша)
4.2. Төлеу Шарттары:
1) тапсырыс беруші осы Шарт қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5
банктік күн ішінде Шарт сомасының 30 % көлеміндегі соманы алдын ала төлейді;
2) келесі төлем ай сайын нақты көрсетілген қызметтер бойынша Орындаушымен
ұсынылған көрсетілген қызметтерге шот-фактурасы мен қабылдау-тапсыру актісі негізінде
аванс толық өтелгеннен кейін жүргізіледі.
4.3. Қаржыландыру көзі: Шымкент қаласының жергілікті бюджеті.
4.4. Орындаушы өзінде бухгалтерлік есепті және орындалған жұмыстың нақты құны
бойынша талдауды жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
5. Жұмысты тапсыру және қабылдау тәртібі
5.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Шымкент қаласы АӨК саласында инновациялық
жобаларды іріктеуді ұйымдастырудың бекітілген Қағидаларына сәйкес инновациялық жобаны
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау кезеңдерінде Орындаушымен ресімдеуіне
және тапсыруына жататын ғылыми-техникалық және өзге де құжаттаманы бере отырып,
инновациялық тәжрибені тарату және енгізу жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы тоқсан
сайынғы аралық есепті осы Шарттың 3-қосымшасына сәйкес ұсынуға міндеттенеді.
5.2. Орындаушы Тапсырыс берушіге нысаналы бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы
туралы қаржылық есебін осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес беруге міндеттенеді.
5.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу
бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жылдық қорытынды есебін осы Шарт орындалғаннан
кейін __________ жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей осы Шарттың 3-қосымшасына
сәйкес беруге міндеттенеді.
5.4. Орындаушы Тапсырыс берушіге ___________ жылдың 15 желтоқсанынан
кешіктірмей орындалған жұмыстардың актісін осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес береді.
5.5. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, Тапсырыс беруші мерзімінен
бұрын жұмыстарды қабылдауға және ақысын төлеуге құқылы.
5.6. Жұмыстың келеңсіз кері нәтижесін алуға немесе Орындаушының жұмыстарды
бұдан әрі жүргізуі мақсатқа сай болмауына жол берілмейді.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Шартта көзделген міндеттер орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптар мен тәртіпте жауапты
болады.
6.2. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Орындаушының ұсынған
қызметтеріне байланысты Шартқа ешқандай толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге рұқсат
етілмейді.
6.3. Белгіленген уақытта жұмыс орындалмаған жағдайда, Орындаушы бюджетке
мерзімінен кешіктірілген әрбір жұмыс күні үшін Шарттың жалпы сомасының 0,03 %
мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
7. Дауларды шешу тәртібі
7.1. Орындаушының тарапынан осы Шартта көзделмеген жағдайда тәртіп бұзылғаны
анықталса, осы Шарт кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда
Орындаушының осындай негізбен осы Шарттың бұзылуына байланысты шығындарды өтеуді
Тапсырыс берушіден талап етуге құқығы жоқ.
7.2. Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық
келіспеушілік пен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу үдерісінде шешу үшін барлық күш-
қайратын жұмсауы тиіс.
7.3. Егер осындай келіссөздер жүргізу басталған күннен кейін 21 күн ішінде тараптар
Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенің шешілуін
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге құқылы.
8. Өзге де жағдайлар
8.1. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жасалады.
8.2. Осы Шарт үш дана болып жасалды. Үш дана бірдей және бірдей күші бар.
8.3. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама хат,
жеделхат немесе электронды пошта арқылы жолдайды, кейін түпнұсқасын береді.
8.4. Форс-можорлық жағдайларды қоспағанда, егер орындаушы Шартта көзделген
мерзімде қызметтерді ұсына алмаса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Шарт шеңберіндегі
өзінің құқығына нұқсан келтірместен, мерзім өткізілген әрбір күн үшін Шарт құнының 0,1 %
мөлшерінде соманы тұрақсыздық айыбының қосымша түрінде Шарт бағасынан шегере алады.
8.5. Егер Шартты орындаудың кешіктірілуі форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан
болып табылса, оның талаптарды орындалмағаны үшін Орындаушы тұрақсыздық айыбының
төленуіне немесе Шарттың бұзылуына жауапты болмайды.
8.6. Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Орындаушының тарапынан
бақылауға бағынбайтын қателігіне немесе салдыр - салақтығына қатысы жоқ сипаттағы
оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар, әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар, індет,
карантин және қызметтерді көрсетуге эмбарго сияқты, алайда шектелмеген әрекеттерді
қамтиды.
8.7. Форс-мажорлық жағдай пайда болған кезде Орындаушы осындай мән-жайларды
және олардың себептері туралы дереу бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жазбаша түрде
хабарлама жолдауы тиіс. Егер бюджеттік бағдарлама әкімшісінен басқада жазбаша нұсқаулық
келмесе, Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемесін орындау орындылығына қарай,
жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайларға байланысы жоқ
балама тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.
9. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері
Тапсырыс беруші: |
Орындаушы: |
___________________________ |
_____________________________ |
___________________________ |
_____________________________ |
___________________________ |
_____________________________ |
___________________________ |
_____________________________ |
___________________________ |
_____________________________ |
____________________________ |
____________________________ |
____________________________ |
____________________________ |
__________________________ |
____________________________ |
Шымкент қаласы агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі келісім шартқа 1- қосымша |
20___ жылғы "____" __________ №______ шарт бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау - тапсыру Актісі
20___ "____" __________ №______ келісім-шарт бойынша көрсетілген қызметтерді
қабылдау-тапсыру актісі №_______ 20___ "____" __________
Біз, төменде қол қоюшылар, _______________________________ негізге алып
Тапсырыс берушінің атынан әрекет етуші,__________________________ бір тараптан
және___________________________________________________ атынан, Жарғыны негізге
алып әрекет етуші бірінші басшысы _____________________________________________
екінші тараптан, 20___ "____" __________ №______ Келісім-шартқа сәйкес 026
"Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі қызметтер" деген бағдарлама
бойынша, Тапсырыс беруші мынадай көрсетілген қызметтерді қабылдады:
1)
2)
3)
Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) құны ___________
_______________(сомасы санмен және жазумен) теңге. Барлық салықтар мен бюджетке
төленетін төлемдерін қоса.
Жұмыстар (көрсетілген қызметтер) сапалы орындалған, келісім-шарттың талаптарын
қанағаттандырады.
Тараптардың өзара наразылығы жоқ.
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)______________________ Т.А.Ә.(болған
жағдайда) МО тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)______________________Т:А:Ә
(болған жағдайда) МО.
Шымкент қаласы агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі келісім шартқа 2- қосымша |
20_ жылғы "_" ______ № ___ келісім-шарт бойынша берілген нысаналы бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп
№ | Смета бойынша шығыстар баптарының аталуы | Смета бойынша бюджеттік қаражаттың сомасы | Жұмсалған сома | Қаражат қалдығы | Растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиыны: |
Ескертпе: мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттардың көшірмесі қоса берілуі қажет.
Шымкент қаласы агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі келісім шартқа 3- қосымша |
Аралық және қорытынды есептің нысаны
Есеп күні | |
Орындаушының және болған жағдайда серіктесінің атауы | |
Шарттың нөмірі мен күні | |
Қаржыландырудың мақсаты | |
Қаржыландырудың сомасы | |
Есептілік кезеңі | |
Қол жеткізілген нәтижелер | |
Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда) | |
Қорғау құжатының нөмірі мен берілген күні (бар болған жағдайда) | |
Растайтын құжаттар және фото (видео) |
Ескертпе: аралық және қорытынды есептің нысаны қаржыландырудың ерекшеліктеріне байланысты толтырылады.
Өтінім беруші ________ (қолы)______(Т.А.Ә (болған жағдайда)
М.О.