"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-1 тармағы 3) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 03-12/199 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңа Тұрлан шағын ауданы, Вишневая көшесіне;
2) Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы, Ауезов көшесіне;
3) Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Достық шағын ауданы, Бірлік көшесіне;
4) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Оңтүстік шағын ауданы, Қоғалы көшесіне;
5) Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Адырбеков өткеліне қойылған шектеу іс-шаралары құтыру ауруының ошақтарында жұмыстар аяқталуына байланысты тоқтатылсын.
2. "Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 82 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 29 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | М. Айтенов |