Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 42 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қаңтарда № 82 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 263 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 04.05.2020 № 263 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 03-12/7 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңа Тұрлан шағын ауданы, Вишневая көшесі № 7 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Вишневая көшесіне;

      2) Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы, Ауезов көшесі № 37 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Ауезов көшесіне;

      3) Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Достық шағын ауданы, Бірлік көшесі № 1309 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Бірлік көшесіне;

      4) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Оңтүстік шағын ауданы, Қоғалы көшесі № 87Б үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қоғалы көшесіне;

      5) Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Адырбеков өткелі № 9 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Адырбеков өткеліне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады