Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/241-6с "Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 тіркелген, 2018 жылдың 22 маусымдағы "Шымкент келбеті" № 49 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |