Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/241-6с "Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 68/602-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 тамызда № 117 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/241-6с "Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 тіркелген, 2018 жылдың 22 маусымдағы "Шымкент келбеті" № 49 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрайымы Т. Султанова
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады