"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3258 болып тіркелген, 2016 жылдың 27 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-НҚ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 19 маусымдағы № 2-НҚ нормативтік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3483 болып тіркелген, 2017 жылдың 20 шілдесінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы нормативтік қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Ж. Джапаров |