Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 1-НҚ қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 маусымда № 4635 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3258 болып тіркелген, 2016 жылдың 27 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-НҚ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 19 маусымдағы № 2-НҚ нормативтік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3483 болып тіркелген, 2017 жылдың 20 шілдесінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы нормативтік қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Ж. Джапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады