"Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-НҚ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2017 жылғы 19 маусымдағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 3483 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 1-НҚ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 22.06.2020 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл блысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-НҚ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3258 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметтік куәлік Тексеру комиссиясы төрағасының қолы қойылып Тексеру комиссиясының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (Тексеру комиссиясы төрағасы және мүшелерінің қызметтік куәліктерін қоспағанда) беріледі."

      3. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының құқықтық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Б.Е. Жолымбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға міндетін атқарушы А. Шаймерденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады