"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы аумағында жануарларды асырау Қағидасы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Жамбыл облысы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық маслихатының | |
сессия төрағасы | З. Кадырбекова |
Жамбыл облыстық мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | М. Берік |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы "11" желтоқсандағы №52-7 шешіміне 1 қосымша |
Жамбыл облысы аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Жамбыл облысының аумағында жануарларды асырау Қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына (бұдан әрі-заң) сәйкес әзірленді. Ереже облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында жануарларды ұстау, өсіру және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Жануарлар - фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
2) ветеринариялық іс-шаралар-жануарларауруларының профилактикасын, емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға бағытталған іс-шаралар; жануарлардың өнімділігін арттыру; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы ауулардан, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру-ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын, жануарларды есепке алу рәсімі;
4) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
5) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
6) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
7) ветеринариялық-санитариялық сараптама-органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау;
8) дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
9) дезинсекция-жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
10) дератизация-кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
11) ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Жануарларды сатып алу, сату және тасымалдау
3. Жануарларды белгіленбеген орындарда және ветеринариялық құжаттарсыз өткізуге тыйым салынады.
4. "Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орын ауыстыратын (тасымалданатын) жануарлар "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді.
5. Шет мемлекеттерден жануарларды облыс аумағына әкелу, әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы уәкілетті органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.
3. Жануарларды ұстау тәртібі
6. алып тасталды - Жамбыл облыстық мәслихатының 21.04.2023 № 2-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. алып тасталды - Жамбыл облыстық мәслихатының 21.04.2023 № 2-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8. Санитариялық, су қорғау аймақтарындағы, көшелердегі, алаңдардағы, скверлердегі, ауыл шаруашылығы жерлеріндегі, жалпы пайдаланудағы басқа да жерлердегі жануарлар қараусыз қалған жануарлар болып саналады және иесі анықталғанға дейін тиісті әкімшілік бірліктің әкімі белгілеген уақытша ұстау үшін арнайы жабдықталған орында ұсталуға тиіс.
9. Егер жануарлардың меншік иесінің орналасқан жері белгісіз болса, жануарларды ұстаған адам мұндай жануарлар ұсталған сәттен бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы Ішкі істер органдарына және тиісті әкімшілік бірліктің әкіміне хабарлайды, олар меншік иесін іздестіру шараларын қолданады.
10. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарлар оларды ұстаған адамның жеке ауласында және пайдалануында қалдырылуы немесе уақытша арнайы жабдықталған орынға тапсырылуы тиіс.
11. Егер ірі қара малды (ірі қара малды, жылқыларды, түйелерді) ұстау туралы өтініш берілген кезден бастап алты ай ішінде және басқа үй жануарларына қатысты - олардың меншік иесі екі ай ішінде табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімдемесе, бұл жануарларға меншік құқығы жануарларды асыраған және пайдаланған адамға ауысады. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда, олар коммуналдық меншікке түседі.
12. Жануарлардың бұрынғы меншік иесі басқа адамның меншігіне өткеннен кейін келген жағдайда, ұсталған қараусыз қалған жануарларды иесіне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабымен анықталады.
13. Тиісті әкімшілік бірліктің тұрғын үй қорының пәтерлерінде (көп пәтерлі тұрғын үйлер) ауыл шаруашылығы және жабайы жануарларды ұстауға жол берілмейді.
14. Мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің және басқа да ұйымдар мен мекемелердің зоологиялық бұрыштарында жануарлар мен құстарды ұстауға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша жол беріледі.
15. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларын өсірумен, асыраумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:
1) "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес жануарларды уақтылы бірдейлендіруден өткізуге;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, үй және асыл тұқымды малдарды уақтылы вакцинациялау және диагностикалаудан өткізуге;
3) жануарлардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес олардың денсаулығына, салауаттылығына және мақсатты пайдаланылуына қамқорлық жасауға;
4) Жануарлар тарапынан қоршаған адамдарға, жануарларға, сондай-ақ мүлікке зиян келтірмеу қауіпсіздігін сақтауға;
5) уақытша оқшаулау және биостерилизациялау арқылы жануарларда жағымсыз тұқымдардың пайда болуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
6) жануарлардың мінез-құлқын тікелей бақылау кезінде және олар жүріп өткен кезде жол жүрісі қауіпсіздігін сақтауға;
7) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
16. Жануарлардың иелері:
1) жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) жануарларды қоса алғанда, жануарларды хайуанаттар парктерінде, цирктерде, омарталарда, аквариумдарда ұстауды, өсіруді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес жүзеге асыруға;
3) қоршаған ортаның ластануына жол бермей, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес аумақты, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ жемді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және қайта өңдеуге арналған құрылыстарды күтіп-ұстауға;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге, сондай-ақ тасымалдауға (орнын ауыстыруға) байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
5) Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы хабарлауға;
бірнеше жануарлардың өлімі, бір мезгілде ауруы немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы хабарлау және ауруға күдік туған жағдайда ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдауға;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің актілерін орындауға;
8) сою алдында ветеринариялық тексеру және сойғаннан кейін ұшалар мен мүшелерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізбей, жануарларды өткізу үшін союға жол бермеуге;
9) жануарларды карантиндеуді жүргізуге міндетті.
17. Кеміргіштермен күресудің алдын-алу шаралары кеміргіштердің жемге, тіршілік ету ортасына және көбеюге қол жетімділігіне кедергі келтіретін жағдайлар жасаудан тұрады.
18. Жануарларды күтіп-бағу жөніндегі қызмет процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/307 бұйрығымен бекітілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жойылуға жатады.
19. Санитарлық және су қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, өсіру және жаю Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
4. Қорытынды ережелер
20. Осы Ережені бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы "11" желтоқсандағы №52-7 шешіміне 2 қосымша |
Жамбыл облысы мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1) "Байзақ ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі №10-9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3428 болып тіркелген, 2017 жылы 22 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Жамбыл ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі №10-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3427 болып тіркелген, 2017 жылы 23 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3) "Қордай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі №10-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3429 болып тіркелген, 2017 жылы 23 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4) "Сарысу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі №10-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3426 болып тіркелген, 2017 жылы 22 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5) "Тараз қаласының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы №12-17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3492 болып тіркелген, 2017 жылы 7 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6) "Жуалы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы №12-18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3493 болып тіркелген, 2017 жылы 7 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
7) "Шу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы №15-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3561 болып тіркелген, 2017 жылы 3 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
8) "Т.Рысқұлов ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қарашадағы №16-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3594 болып тіркелген, 2017 жылы 5 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
9) "Мойынқұм ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №20-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3703 болып тіркелген, 2018 жылы 27 ақпанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
10) "Талас ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №22-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3809 болып тіркелген, 2018 жылы 21 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).